Жақсырақ Баламаларды Ойлап Табудамыз

marketsite scientist with IQOS banner

Қоғамдық денсаулыққа парасатты көзқарас

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 2025 жылы миллиардтан астам адам темекі тартады деп есептейді.1 Осыншама адам темекі тартуды таңдаса, оларға арналған зияндылығы аз әрі темекінің баламасы болуы қажет.

Біз темекі тартушыларға жақсырақ балама жасау үшін адам, ресурс, уақыт және қаражат түрінде инвестиция саламыз. Біздің инновациялық арнамыз ересек темекі тартушылардың таңдауын қанағаттандыраты және темекі түтінісіз баламаға көшуге көмектесетін төрт өнім платформасынан тұрады.

Тәуекелі төмен өнімдерге қол жеткізу үшін, мүмкіндігінше жылдам уақытта осы өнімге тұтынушылардың кеңінен ауысу жолдарын табуға ықтиярмыз. Ересек темекі тартушылардың басым бөлігі зияндылығы аз баламаға көшкен жағдайда ғана қоғамдық денсаулыққа маңызды пайдасы болады. Үкімет көшбасшылығы мен коммерциялық бастаманың өзара үндестігі темекі тартудың денсаулыққа зиянын азайтудағы шараларды айтарлықтай күшейтеді деп сенеміз.

Жану мәселесі

Темекі тартудың түпкі салты қарапайым: шегуші темекіні тұтандырып, темекі жапырақтары мен қағаз толығымен жанып біткенше бірнеше мәрте ішке ауаны тартады. Осындай жану кезінде біз түтін деп білетін күрделі қоспа шығарылады. Темекі түтінінің құрамында темекі қоспасының дәмі және темекі жапырақтарында болатын табиғи никотин бар. Тұтынушылар темекі тартқан кезде осы элементтердің көмегімен рахаттанады. Алайда, осындай жану үрдісі 6,000-нан астам заттек шығарады, оның 1%-дайы өкпенің қатерлі ісігі, жүрек-тамыр ауруы және эмфизема сияқты темекі шегуге байланысты аурулардың себебі немесе мүмкін себебі болып табылады.

Көп жылдық зерттеу мен дамудың нәтижесінде біз түтін шығармайтын және жану үрдісінсіз қолдануға болатын озық өнімнің жаңа түрін шығардық. Жанудың орнына, біз қанық никотині бар буды шығарып алудың бірнеше жолын таптық - тұтынушы осы буды ішке тарта алады, сондай-ақ бұл будың құрамында, темекімен салыстырғанда, зиянды заттардың мөлшері әлдеқайда аз болады. 

Біздің қыздырылған темекі өнімдеріміз жанусыз-қыздыру принципіне негізделген: буға никотин мен дәм шығару үшін темекі қажетті деңгейге дейін қыздырылады. Біз темекісіз өнімдерге дәмді никотин буын шығаратын темекі жапырақтарынан алынған никотин сұйықтығын қолданамыз. Мүлдем қауіпсіз болмағандықтан, бұл озық өнімдердің барлығы темекі тартудың жақсырақ баламасы. Бірақ ең жақсы таңдау - темекіні тастау немесе темекі тартуды бастамау.

Никотиннің рөлі

Никотин - тәуелділік тудыратын, көп мөлшерде (түтін немесе будан табылған мөлшерінен басқа) жұтылып немесе сіңірілген кезде аса уытты және адамның жүрек соғысын, қан қысымын көтеруі мүмкін. Кең тараған сенімге қарамастан, темекі тартудың зияны никотиннен емес. Темекі түтініндегі токсиндер мен карциногендер - темекі тартумен байланысты аурулардың басты себептері. Никотин - дәм және салтпен қатар темекі тарту себептерінің бірі. Темекі тартушылардың зияндылығы аз баламаларға ауысуы үшін, бұл өнімдердің құрамында никотин болуы қажет. Дәл осы себептен біз, темекі түтінімен салыстырғанда, құрамында зиянды заттардың мөлшері аз болатын, дәмді никотин буы бар өнімдерді дамытуға назар аударамыз.

Бұл өнімдер темекі тартудың жақсырақ баламасы болғанымен, ең жақсы таңдау - темекіні тастау немесе темекі тартуды бастамау. Кейбір адамдар – жүкті немесе бала емізетін әйелдер, жүрек ауруы, өте жоғары қан қысымы немесе қант диабеті бар адамдар никотині бар өнімдерді қолданбаулары жөн. Кәмелет жасқа толмағандар темекі немесе құрамында никотині бар өнімдерді қолданбауы тиіс немесе оларға қолдары жете алмауы қажет.

Зияндылығы аз баламаларға сұраныс

Әлемдегі ересек темекі тартушылар темекіге жақсырақ балама іздеу үстінде, бұлардың салт, дәм әрі тәжірибесі жөнінен таңдаулары әр түрлі.

Көптеген тұтынушылар бірнеше жылдар бойы нарықта айналымда жүрген электронды темекімен таныс. Бұл өнімдердің қазіргі түрлері барлық темекі тартушылардың мұқтаждығына жауап бере алмағанымен, айтарлықтай сәттіліктері бар. Біз қазірдің өзінде электронды темекі сатудамыз және технологиясын дамытуға инвестиция жасаудамыз.

Сонымен қатар, біз қыздырылатын темекі өнімдерінің болашағы зор деп үміттенеміз. Осы орайда, әлемнің басты қалаларында IQOS темекі қыздыру жүйесін сата бастадық. Миллиондаған ересек темекі тартушылар IQOS таңдады және біз осы жүйені басқа елдерде де ұсынатын боламыз.

Зияндылықты төмендетудің потенциалы бар өнімдердің алуан түрін ұсыну арқылы біз темекі тартушылардың одан да көп санын осы өнімдерге жылдамырақ бұрып, компанияның бұл саладағы үлесін арттырып, сондай-ақ адам денсаулығына оңтайлы ықпал етеміз деп сенеміз.

1Bilano V, Gilmour S, Moffiet T, d'Espaignet ET, Stevens GA, Commar A, Tuyl F, Hudson I, Shibuya K. (2015) Global trends and projections for tobacco use, 1990–2025: an analysis of smoking indicators from the WHO Comprehensive Information Systems for Tobacco Control. Lancet 385:966-76.

Осы парақшамен бөлісу