Market Page Banner
Біз Туралы  

Филип Моррис Интернэшнл - ФМИ

Біз Кімбіз

Филип Моррис Интернэшнл - әлемнің түкпір түкпірінде 77,000 астам қызметкерлері бар алдыңғы қатарлы халықаралық темекі компаниясы. Біз - үлгілі жұмыс беруші және жақсы корпоративті азамат болуды ұстанамыз. Біз  қоршаған орта және әлеуметтік мәселелерге жауапты болуға тырысамыз. Біз  заңсыз темекі саудасына қарсы күресуге қызметімізді арнаймыз. Сондай-ақ, біз компаниямызды темекімен жабдықтайтын қауымдастықтарды және біздің қызметкерлеріміз тұратын және жұмыс істейтін орталарын мақтанышпен қолдаймыз.

180-нен астам нарықты қамтитын, әлемнің үздік халықаралық 15 брендінің алтауы, соның ішінде, әлемдегі бірінші нөмірлі өнім - Marlboro - біздікі. Біздің 32 елде орналасқан 46 өндірістік нысандарымыз бар. 

Әлемдегі 150 миллион тұтынушы біздің өнімді таңдайды. Және кімде кім темекі тартуды жалғастырса, оларға ең жоғары сапалы өнім ұсынуды жалғастырамыз. Алайда, біздің темекі шегушілерге деген көзқарасымыз осымен шектелмейді.

77,000

әлем бойынша қызметкерлер саны

400+

түтінсіз өнім шығару бағытында жұмыс жасайтын зерттеу және даму саласының ғалымдары, инжeнерлер және техниктер саны

180+

біздің өнім сатылатын нарық саны

Біз өте маңызды мәселеге назар аудардық – темекіні түтінсіз өніммен алмастыру, бұл жаңа өнім түрлерін өзіміз әзірлейміз және сатамыз.

Сондықтан, Швейцария мен Сингапурдағы біздің екі Зерттеу және Даму нысанында 400-ден астам ғалым, инжeнер және техниктер зияндылығы аз темекінің баламаларын ойлап табуда.

Бұл біздің тарихымыздағы ең үлкен өзгеріс. Және бұл - біздің тұтынушылармыз, компаниямыз, акционерлеріміз және қоғам үшін өте дұрыс өзгеріс. Темекі түтінінен азат болашақты қалай жасайтындығымыз туралы білу үшін Манифестімізді оқуға шақырамыз.

Біздің ойымызша

 
Осы жаңалықпен бөлісіңіз